Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы

Қазақстан
кәсіпқой футбол лигасы

Новости

Версия для печати
Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

11Қазан17:44

2013 жыл. Қазанның 11-і күні өткен Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында мынадай шешімдер қабылданды:

ЧЕМПИОНАТ
XXIX тур
·              «Астана» - «Қайрат».
Командасының өрескел ойыны үшін (7 футболшысы ескерту алды) "Қайрат" футбол клубына 200 000 теңге айыппұл салынды. 
 
 
ПФЛ КУБОГЫ
VII тур
·              «Жетісу» - «Атырау».
Төрешінің тарапына бейәдеп сөздер айтқаны үшін «Атырау» футбол клубының ойыншысы Галиев Артур 7 ойынға алаңнан шеттетілді.  
 
 
ӘЙЕЛДЕР ФУТБОЛЫ
Чемпионат 
·              «Жетісу» - «Шахтёр-ҚарМУ».
Төрешіні итеріп жібергені үшін және төрешінің тарапына бейәдеп сөздер айтқаны үшін «Шахтёр-ҚарМУ» футбол клубының бас бапкері Рудиков Александр 2 ойыннан шеттетіліп, 50 000 теңге айыппұл салынды. 
 
 
ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ
2-лиганың финалдық кезеңі
Төрешілер алқасының тарапына бейәдеп сөздер айтқаны үшін «Kaspi» командасының жетекшісі Романенко Игорьға 50 000 теңге айыппұл салынды. 
 
 
ЖАСТАР ФУТБОЛЫ
Премьер-лига клубтарының 1995 жылғы жеткіншектері арасындағы біріншілік
·              «Шахтёр» - «Ордабасы».
Командасының өрескел ойыны үшін (2 ойыншысы алаңнан қуылды) «Шахтёр» футбол клубына 30 000 теңге айыппұл салынды. 
 
Премьер-лига клубтарының 1996 жылғы жеткіншектері арасындағы біріншілік
·              «Атырау» - «Қайрат».
Командасының өрескел ойыны үшін (2 ойыншысы алаңнан қуылды) «Атырау» футбол клубына 30 000 теңге айыппұл салынды.


Күнкесте

ДССССРБСЖМСБЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   




Популярное



Дауыс беру

Премьер-лиганың қай клубы маусымаралық үзілісте сапалы селекциялық жұмысын жүргізді?
   Сауалнамалар мұрағаты